Әуезов университеті шақырады

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау оңтүстік өлкесінде  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Аграрлық факультетінің базасында ғана қалыптасқан.Мұнда жаңа идеялар жинақталған.Аграрлық факультетің қазіргі уақыттағы ұжымы 117 профессор-оқытушылар құрамынан тұрады,оның ішінде,12 ғылым докторлары,профессорлар, ҚР Мемлекеттік сыйлығының  2 лауреаты, 50-ден астам ғылым кандидаттары мен доценттері қызмет атқаруда.Соның ішінде 6В09111-Ветеринарлық медицина мамандығының оқу мерзімі -5 жыл,оқу аяқталғаннан кейін маман дәрежесі беріледі. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  университеті қызықты да, қажетті мамандық алуға, карьера жасауға, білімді де, білікті, озық маман болуға жастарды шақырады.

 Screenshot_6.jpg

Талапкер- 2021

Аграрлық факультеттің ішіндегі «Ветеринарлық медицина» мамандарын дайындайтын  мамандықтың қысқаша сипаттамасы туралы мәлімет

Мамандықтың шифры және атауы 

6В09111-Ветеринарлық медицина

Таңдау пәні 

Биология – Химия  

Жұмысқа орналасу орындары 

1. ҚР Ауыл шауашылығы министрлігінің Ұлттық ветеринариялық референттік орталығында ветеринар: серолог, бактериолог, вирусолог, паразитолог, токсиколог, биохимик және ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман, территориялық инспекцияда ветинспектор,  қызметін атқарады. 

2. ҚР Ауыл шауашылығы министрлігі, республикалық, облыстық, аудандық, ветеринариялық зертханаларында, ветеринариялық емдеу орындарында,ветеринариялық клиникада,ветеринариялық дәріханаларда, ветеринариялық бөлімдерде, ауылдық әкімшіліктерінде ветинспектор, базарларда ветинспектор, эпизоот отрядта ветеринар-эпизотолог. 

3. ҚР Ішкі істер министрлігінің басқармасының бөлімінде ветеринар полиция шенінде қызмет атқарады.

4. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, хайуанаттар бағы, қорықтар, ет комбинаттары, ипподромдарда ветеринар, биологиялық комбинаттар және басқа да биологиялық белсенді заттарды даярлайтын,олардың сапасын бақылайтын кәсіпорындарда ветеринар қызметінде жұмыс атқарады.

5. ҚР Қорғаныс министрлігінің ветеринариялық қызметінде кинолог, ветеринар-эксперт қызметін атқарады.

6. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік коммитетінің шекарадағы ветеринариялық бақылау пункттерінде, шекарадағы ветеринариялық кеденде – автомобиль жолдарында, темір жолда, әуежайда, теңіз айлағында ветеринар кеденші инспектор қызметтерін атқарады. 

7. ҚР Білім және ғылым министрлігінің ауыл шаруашылық бағытындағы университеттерінде, жоғарғы оқу орындарында, институттарда, колледждерде және ветеринариялық ғылыми зерттеу институттарында қызметтер атқарады.

Кім болып жұмыс атқарады

1. Ветеринар-дәрігер

2. Ветеринар  инспектор 

3. Ветеринар –дезинфекционист

4. Кедендегі ветеринар инспектор


«Аграрлық факультететте»  ұл және қыздар әскери кафедрада арнайы оқып, әскери офицер-лейтенант шенін алады.


Мекен жайы және телефоны

Шымкент қаласы, М. Х. Дулати көш. 198

№9 ғимарат, каб 220, телефон 32-35-87

«Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы.,а.ш.ғ.к. Өсербай А.Ж.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер