Түркістан облысында зорлық-зомбылық 28,8 пайызға азайды

Screenshot_4.jpg

2021 жылдың 10 айында Түркістан облысында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалынған қылмыстар 28,8 пайызға төмендеген. Оның ішінде әйелдерге қарсы жасалған қылмыстардың саны 3,3 пайызға азайған. Бұл жөнінде Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде жүргізілген «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар туралы» тақырыбында брифинг берген Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асылхан Төреханов мәлімдеді. 

– Жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаменті құрылымдарының учаскелік полиция инспекторларымен тұрмыста құқық бұзған 3465 тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. 517 тұлғаға қатысты мінез-құлқына сотпен ерекше талап белгіленіп, профилактикалық жұмыстар атқарылды. Ал облыс көлемінде қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен 104 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 63 азамат сот шешімімен маскүнемдік және нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу мекемесіне орналастырылды. Осы тұста айта кетсем, егер, сіз, отбасында қандай да бір қысым көрсеңіз, зорлықтың куәсі болсаңыз, бірден 102 нөміріне немесе +7 725 33 5 85 80 сенім телефонына хабарласыңыз. Сонымен қатар. Түркістан облысы «Сенім-Ай» қоғамдық бірлестігінің «Көмек» дағдарыс орталығы да тегін қызмет көрсететінін айтқым келеді. Бұл орталықтар да сізге тегін құқықтық, медициналық  кеңестер беріледі. Әйелдерді және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «111 шұғыл қызметі» де үзіліссіз жұмыс жасайды. Сондықтан естен шығармаңыз, әрқайсыңыздың құқығыңыз қорғалады, ол үшін тиісті шаралар қабылданады, – деді полиция полковнигі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер