2021 жылы 26-27 қараша аралығында Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым кеңесі мен А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Назарбаев моделі»: түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» атты халықаралық конференция өткізеді.
Іс-шара Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің 30 жылдығын атап өтуге орай ұйымдастырылды.
Спикерлер екі күн бойы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің тәуелсіздігін алудағы, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім үлгісін нығайтудағы рөлі және түркі халықтарының интеграциясы тақырыбын талқылайды.
Шараға мемлекеттік, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тарихшылар, саясаттанушылар, жас ғалымдар қатысады.
Конференция тақырыптарының арасында:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі әлемінің интеграциясындағы рөлі;
этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің қазіргі жағдайы;
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық даму перспективасы;
Қазақстанның Орталық Азиядағы және халықаралық аренадағы мәртебесін көтеру;
Қазақстан экономикасының дамуы, инвестиция тарту, елдің қаржылық тұрақтылығы;
Қазақстанның цифрландыру жағдайындағы ақпараттық қауіпсіздігі;
мәдени әртүрлілік, ұлттың ұлттық ерекшелігі мен халықтың образы және т.б.
Конференция «Нұрсұлтан Назарбаев – түркі интеграциясының сәулетшісі» пленарлық отырысымен ашылады. Түрік Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Зухту Арслан, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әміреев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Түркі мәдениеті халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ректоры Жанар Темірбекова пленарлық отырыста спикер болады.
Сессия модераторы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының Қазақстан Республикасынан мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов болады.
Конференция бағдарламасы «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» және «Назарбаев моделі»: түркі әлемінің 2040 жылдағы көрінісі» атты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Соңғы дөңгелек үстел барысында 2021 жылы 12 қарашада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің VIII саммитінің қорытындылары талқыланады.
Сонымен қатар, конференция аясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым кеңесінің өкілдері студенттер мен жас ғалымдарға арналған Қордың байқаулары мен бағдарламалары туралы семинар өткізеді. Семинарға қатысушыларға гранттар мен стипендияларды тағайындау байқауларының талаптары мен ережелері туралы егжей-тегжейлі айтады. Өтінімдерді толтыру кезінде жиі кездесетін қателерге назар аударады, жобаны әзірлеу бойынша ұсыныстар береді.
Конференция трансляциясына сілтемелер:
1 күні
қазақша https://www.youtube.com/watch?v=tizd3hsTMVI
орысша https://www.youtube.com/watch?v=wxt6P5PT91E
түрікше https://www.youtube.com/watch?v=YeLam1WvEo8
2 күн
қазақша https://www.youtube.com/watch?v=Ijdv_-Bc_sQ
орысша https://www.youtube.com/watch?v=b7XeVvAco3I
түрікше https://www.youtube.com/watch?v=Uz-zn9PXCGQ
БАҚ өкілдеріне арналған ақпарат:
Күні: 26-27 қараша 2021 ж.
Конфренцияның басталуы: 26 қараша 2021ж. сағат 11:00.
Өтетін жері: Түркістан қаласы, Бекзата Саттарханов даңғылы, 29, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.
Аккредитациядан өтуі үшін: Артур Жұмашев, +7 708 960 56 13 нөмеріне немесе
pr.zhumashev@gmail.com поштасына хабарласу керек.