Шымкентте қаланың Құрметті азаматтары туралы жинақ жарыққа шықты

Бүгін Шымкент қаласының мемлекеттік мұрағаты ғимаратында «Шымкент қаласының Құрметті азаматтары» жинағының таныстырылымы өтті. Тұсаукесер рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қаланың Құрметті азаматтары, зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

image.png

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай топтастырылған жинақтың тұсауын кескен Шыңғыс Мұқан жарыққа шыққан туындының мақсатына тоқталды.

- «Биыл мемлекеттік Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл мерейлі белес өткенімізді саралап, болашағымыздың бағдарын белгілейтін кезең. Қаламыздың бүгінгі дәрежеге жетуіне талай буынның еңбегі сіңді. Қаланың қалыптасуында жарқын із қалдырған көптеген қайраткерлердің есімдері тарихымызда аталмай ұмыт қалды. Бұл бағытта қала тарихын, оның өмірінде есімі белгілі болған тұлғалар тағылымын жинақтау мақсатында қала әкімінің тапсырмасымен «Шымкент энциклопедиясы» жарық көретін болады. Осы жобаның бастамасы ретінде бүгін «Шымкент қаласының Құрметті азаматтары» жинағын шығарып отырмыз. Бұл кітап – жас ұрпаққа, көпшілік қауымға дарынды шымкенттіктер туралы кеңінен мағлұмат беріп, қала тұрғындарының интеллектуалдық әлеуетін арттырады деген ойдамын», - деді қала басшысының бірінші орынбасары.

Жинақта 1967 жылдан 2021 жылдар аралығындағы кезеңде Шымкенттің өркендеуіне ерекше үлес қосқан 145 түрлі сала қайраткерлерінің өмір дерегі, сіңірген еңбектері тізбектелген. Кітапқа енген тұлғалардың есімдері қала немесе оңтүстік өңіріне ғана емес, бүкіл республикамызға, халықаралық дәрежеде танылған. Олардың қатарында белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың, мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың, қоғам қайраткері Әділ Сасбұқаевтың, атақты бапкер Мырзағали Айтжановтың, тағы басқа елге белгілі азаматтардың есімдері бар.

Іс- шара барысында Шымкент қаласының құрметті азаматтары Еркін Сатқанбаев, Мырзағали Айтжанов сөз сөйлесе, Шымкент қаласының құрметті азаматы, Халық ақыны Мұхтар Шаханов пен Амалбек Тшановтың бейнежолдауы көрсетілді.

Жинақтың баспадан шыққан алғашқы 1 мың данасы қала кітапханалары мен оқу орындарына таратылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер