Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға 33,4 млрд теңге қаржы жұмсалмақ

image.png 

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарастыру барысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге 33,4 миллиард теңге қарастырылған, деп хабарлайды  Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Сайлауларды өткізуге бөлінген қаражат туралы бұған дейінгі ақпаратқа қосымша мынаны хабарлаймыз. Республика Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйгектегі Жолдауында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын өткізуді тапсырды", – деді министрлік.

Ведомствоның нақтылай түсуінше, 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарастыру барысында Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары сайлауын өткізуге 33,4 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 2023 жылға бөлініп отыр.

"Аталған шығыс сайлаудың аралас жаңа жүйесін енгізуді ескере отырып есептелінген: партиялық тізім бойынша саяси партиядан, бір мандатты аумақтық сайлау округінен", – деп түсіндіреді Қаржы министрлігінен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер