Жомарт кенішіндегі қайғылы оқиға: ТЖ орнында үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр

image.png

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысындағы ТЖ орнында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басшылығымен үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Комиссия құрамында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков, ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев бар.

Оқиға орнында ТЖ қызметі, ІІМ және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің шұғыл тергеу тобы, сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

— Комиссия мүшелері оқиға орнында болып, тергеу барысымен танысты. Қаза тапқандардың отбасыларына бірінші кезекте көмек көрсету жөнінде тапсырма берілді. Әрі қарай Премьер-министрдің орынбасары Штаб отырысын өткізіп, қаза тапқандардың туыстарымен кездеседі, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішіндегі шахтада жер опырылып, жеті жұмысшы жер астында қалып қойған болатын. 18 ақпан күні таңертең төтенше жағдайлар министрлігі жетеуі де қаза тапқанын, құтқарушылар оларды шахтадан алып шыққанын хабарлады.

Ұлытау облысының ТЖД қаза тапқан қызметкерлердің тізімін хабарлады.

Апат болған кеніште Меңдібаев бригадасының 7 жұмысшысы қалып қойған. Олар:

Нұрылдаев О. – энергетик;

Жақұбаев А. – тау-кен шебері;

Кенжебеков О. – жүк тиегіш-тасымалдау машинасының машинисі;

Ақшалов Н. – сорғы қондырғысының машинисі;

Молдабеков Ғ. – сорғы қондырғысының машинисі;

Жұмадулаев Б. – сорғы қондырғысының машинисі;

Рожков К. – электрслесарь.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елімізде "блогерлер тізіміндегі" бес адам 69 миллион теңге салық төлеген
  • Қытайда жарқанаттан коронавирустың жаңа түрі табылды
  • Салықтан жалтарған блогерлер. Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді
  • Путин мен Трамп ақпанның аяғына дейін кездесуі мүмкін - Кремль
  • Желіде 20 мың оқырманы бар жарнама жасаушылардың кірісі бақыланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер