Семейде аяусыз соққыға жығылған балаға қазақстандықтар 24 миллион теңге жинап берді

image.png

Семейде бір топ жасөспірім аяусыз соққыға жыққан оқушыға қазақстандықтар 24 миллион теңге жинап берді. Бұл туралы rgmedia.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Абай облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Эльзира Солтабаева мәлімдеді. Уәкілдің айтуынша, бала толық медициналық тексеруден өткен, оған қажетті психологиялық, сондай-ақ заңдық көмек көрсетілуде.

"Қазіргі таңда баланың әпкесінің есепшотына 24 миллион теңге жиналды. Бұл қаражат баспана сатып алуға бағытталатын болады. Қаражаттың әділ әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету үшін арнайы комиссия құрылып, оған облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, адвокаттар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді”, – дейді Эльзира Солтабаева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл отбасының атынан барлық қазақстандықтарға алғыс білдірді.

"Көмек көрсету процесі ашықтық пен әділдік қағидаларына негізделеді. Қоғамның үлкен қолдауын ескере отырып, тұрғын үйді таңдау және сатып алу барысы ашық өтеді", – дейді уәкіл.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік. Оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді. Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Состоялось первое заседание нового состава Общественного совета по вопросам развития АПК
  • Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының алғашқы отырысы өтті
  • ШЫМКЕНТТЕ «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАР» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
  • Бірқатар қызметкерлер "Ауыл" партиясының 25 жылдық мерекелік төс белгісімен марапатталды
  • Ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі - аудан өркендеуінің негізгі тірегі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер