Шымкентте мұнай өнімдерін ұрлау бойынша ірі қылмыстық схема әшкереленді

image.png

2026 жылғы 7 қаңтарда ІІМ жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Шымкент қаласында мұнай өнімдерін заңсыз сақтау және сату схемасын ұйымдастырған адамдар тобын ұстады. 

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қылмыстық әрекетке «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ-мен байланысты кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері тартылып, олар қала тұрғындарымен сөз байласқан. Ұрланған мұнай өнімдері қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларға тиесілі бірнеше база аумағында сақталып, кейін сатылған.

Қылмыстық жолмен алынған қаражаттың көлеңкелі айналымы 1 миллиард теңгеден асады.

Тінту іс-шаралары барысында қомақты көлемде ақшалай қаражат, 17 тоннадан астам жанар-жағармай, отынды сақтау және айдау құралдары, сондай-ақ бірнеше автокөлік цистернасы тәркіленді.

Қазіргі уақытта барлық күдіктілер ұсталып, аса ірі көлемде ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық іс аясында «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ қызметкерлерінің аталған қылмысқа, оның ішінде контрабандаға қатыстылығы тексерілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Система хочет купировать риски
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер