2026 жылдың маусым айында Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Түркістан облысының білім басқармасына қарасты Түркістан қаласының білім бөлімінің «Төле би атындағы №19 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жариялаған мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізді.
Бақылау барысында сатып алу құжаттарының техникалық ерекшелігі зерделеніп, онда әлеуетті өнім берушілердің бәсекелестігін шектейтін талаптың енгізілгені анықталды. Атап айтқанда, техникалық ерекшелікте белгілі бір брендтің атауын көрсету арқылы өнімнің нақты маркасына басымдық берілген.
Мұндай талаптар мемлекеттік сатып алу саласындағы негізгі қағидаттарға қайшы келеді, өйткені сатып алуға қатысуға ниет білдірген өзге де әлеуетті өнім берушілердің тең мүмкіндіктеріне кері әсер етуі мүмкін.
Анықталған бұзушылықтар бойынша тапсырыс берушіге оларды жою және сатып алу құжаттарын қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру жөнінде хабарлама жолданды.
Нәтижесінде ұйымдастырушы тарап Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің хабарламасын толық көлемде орындап, техникалық ерекшелікке тиісті өзгерістер енгізді.
Осылайша, анықталған заң бұзушылықтар толықтай жойылып, мемлекеттік сатып алу рәсімі белгіленген талаптарға сәйкестендірілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу саласында ашықтықты, әділ бәсекелестікті және бюджет қаражатының тиімді әрі заңды жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бақылау тетіктерінің бірі болып табылады. Осындай бақылау жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсімдеріндегі кемшіліктер уақтылы анықталып, олардың алдын алуға мүмкіндік беріледі.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов
Выявленные по результатам камерального контроля нарушения полностью устранены
В июне 2026 года Департаментом внутреннего государственного аудита по Туркестанской области был проведен камеральный контроль государственной закупки, объявленной коммунальным государственным учреждением «Общеобразовательная школа №19 имени Толе би» отдела образования города Туркестан управления образования Туркестанской области.
В ходе контроля была изучена техническая спецификация закупочной документации, по результатам чего установлено наличие требования, ограничивающего конкуренцию потенциальных поставщиков. В частности, в технической спецификации было указано наименование конкретного бренда, что создавало преимущество продукции определенной торговой марки.
Подобные требования противоречат основным принципам государственных закупок, поскольку могут негативно повлиять на обеспечение равных возможностей для других потенциальных поставщиков, желающих принять участие в закупке.
По выявленным нарушениям заказчику было направлено уведомление о необходимости их устранения и приведения закупочной документации в соответствие с действующими требованиями.
В результате организатор закупки в полном объеме исполнил уведомление Департамента внутреннего государственного аудита и внес соответствующие изменения в техническую спецификацию. Таким образом, выявленные нарушения были полностью устранены, а процедура государственной закупки приведена в соответствие с установленными требованиями.
Камеральный контроль является одним из важных механизмов, направленных на обеспечение прозрачности государственных закупок, добросовестной конкуренции, а также эффективного и законного использования бюджетных средств. Проведение таких контрольных мероприятий позволяет своевременно выявлять недостатки в процедурах государственных закупок и принимать меры по их устранению.
Б. Макашов
Главный специалист, Департамент внутренного государственного аудита по Туркестанской области
