Енді әкімдердің жұмысы «бала дамуының индексімен» бағаланады

Түркістан облысында «Бала құқығы – менің құқығым» атты бастама қолға алынады. Өйткені балаларды ересектерден қорғауға мәжбүрміз. Ел алдындағы есеп беру жиынында  Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев  осылай деді .

51953772_1166943393485913_2743303278195376128_n.jpg

Аталған бастаманы бүкіл облыс көлемінде мектеп, ата-ана, қоғамдық ұйымдар, құқық қорғау органдары, зиялы қауым, қоғам белсенділері мен бизнес және БАҚ өкілдерін тарта отырып жүзеге асыратын болады. Мақсаты – мектеп жасындағы балалардың мәселелеріне қоғам назарын аудару және бала құқықтарының бұзылуына төзбеушілікті қалыптастыру. 

– Былтыр облысымызда болған балаларға қатысты заңбұзушылық оқиғалар бүкіл елді алаңдатқанын жақсы білесіздер. Эмоция, проблеманы көтергенге жақсы, бірақ оны шешуге кедергі келтіруі мүмкін. Тереңірек қарасақ, балаларымызға зорлық-зомбылық көрсетіп  жатқан бөтен адам емес, бір мектептің, бір сыныптың балалары, ауылдастар, көршілер, ағайын-туыстар. Егер дамыған қоғам боламыз десек, егер заң үстемдігі орнаған елде өмір сүреміз десек, онда бала тағдырын тамыр-таныстық, бармақ бастылық, көз қыстылық жолында ойыншық қылуды тоқтауымыз керек.  Балаларға қорғау емес, қолдау керек. Ал дәл қазір біз оларды қорғауға мәжбүрміз. Оларға қолдау көрсетуі тиіс ересектерден қорғауға мәжбүрміз. Осы мақсатта биылдан бастап аудан әкімдерінің жұмысын “бала дамуының индексі” бойынша бағалайтын боламыз. “Бала дамуының индексі” дегеніміз не? Бұл аудан әкімдері өздеріне сеніп тапсырылған аймақта қаншалықты деңгейде балалардың құқықтары тапталмай, жан-жақты дамуына жағдай жасай алуда деген сұраққа сандық көрсеткішпен жауап береді, – деді облыс әкімі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды
  • Бүркітші қыз Түркістанда мұражай ашып, жастарды құсбегілік өнерге баулиды
  • Жамбылдық шенеуніктер қаржы жоқ деген желеумен балалардың спортпен шұғылдану кезегін заңсыз тоқтатқа
  • Beeline, Kcell және Tele2 ұялы байланыс операторына қатысты тергеу тоқтатылды
  • Еліміздегі қалаларда халық саны азайып жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер