Халықты әйелге теңеген Әбдірахымов аналармен кездесуге шықпай қойды

51878972_1924642677661355_4135325165493944320_n.jpg

Кеше, 15 ақпан күні Түркістан сарайында ел алдында есеп берген Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көп балалы аналарды бүгін сағат 11:00-де кездесуге шақырған болатын. Алайда шаһар басшысы мұнша ана келеді деп ойламаса керек, ел алдына өзі шықпай қойды.

Аналар қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында Әбдірахымовты екі сағаттан бері сарыла күтуде. Олардың көптігі соншалық залға сияр емес. Әкімнің орынбасарлары, басқарма, бөлім, полиция басшылары да келіп сабырға шақырғанымен ашынған әйелдер оларды тыңдап жатқан жоқ. Қаладағы 4 ауданның басшылары мен депутаттар да жүр. Тек Әбдірахымов жоқ. Әкімдік азан-қазан, у-шу. Әкімге қояр талап-тілектерін жапа-тармағай ақ қағаздарға толтырып әлек, қолдарына бала-шағаларының туу туралы куәліктерін ұстап жүргендер жетерлік.

«Мен әкімнің орнында болағанда...» деп сөз бастап, әкім орынбасарларының қабылдауларына келу керектігін айтып, жұртты тыныштандыруға тырысқан құқық бөлімінің басшысы Нариман Қасымбековтың сөзіне қарағанда Әбдірахымов мұндай жағдайда кездесуге келмейді.

Айта кетейік, кеше Түркістан сарайына әкім есебіне келіп, кіре алмаған бір топ ана шу шығарған болатын. Олардың алдына қала әкімінің бірінші орынбасары шығып, ертерек келу керек екенін айтып сабырға шақырған. Алайда, әйелдердің айтуынша, олар сағат 9-да келген...

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер