Шенеуніктер әншіні жерлеу үшін туыстарынан 1 млн. 300 мың талап етті

Мәскеу шенеуніктері өткен демалыс күндері елордада қайтыс болған әнші Юлия Началованы жерлеу үшін Троекуров зиратынан тегін жер телімін беруден бас тартты. Сауда және қызмет департаменті марқұмның туыстарынан 1,3 миллион рубль талап етті. Оларда мұндай ақша жоқ. Егер туған-туыстары шенеуніктермен келісе алмаса, Началова қаланың шетіне көмілетін болуы мүмкін. Бұл туралы өздерінің сенімді дереккөздеріне сілтеме жасаған Telegram-baza арнасы хабарлады.

BBURsL6.jpg

«Шенеуніктер Началованың отбасы үшін ешқандай жеңілдіктер болуы мүмкін еместігін хабарлады. Егер олар оны сол жерде жерлегісі келсе, ресми прайс бойынша 1 300 000 рубль төлеуі керек деп мәлімдеді. Началованы жерлеуге жақындары мұнша ақша жұмсағысы келмейді және олар қазір Мәскеу мэриясының барлық департаменттеріне шағымдар жазуда», делінген аталған арнаның хабарламасында.

Сауда және қызмет көрсету департаменті өкілдерінің айтуларынша, заңнамаға сәйкес зираттағы орын қайтыс болған адамның тіркелген жері бойынша бөлінуі тиіс. «Юлия Началова қала шет аумағында тіркелген, сол жерде жерленуі керек», дейді шенеуніктер. Алайда, әншінің отбасы мұнымен келіскісі келмейді. Бірақ, олар үшін бұл өте маңызды мәселе болғандықтан соңына дейін баруға уәде беріп отыр.

Осындай мәлімдемеден кейін Мәскеудің Сауда және қызмет көрсету департаментінің басшысы Алексей Немерюк Началованың туыстарына өзі хабарласып, әншіні Троекуров зиратында ақшасыз жерлей алатынын айтып, уәде берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер