Қазақстанның астанасы Нұрсұлтан деп аталады

Парламенттің қос палатасының біріккен отырысында Қазақстан Респубикасының Президенті лауазымы кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде Конституцияға қолын қойып тұрып ант берді. Президент ретінде алғашқы шешімін қабылдап, Нұрсұлтан Назарбаевқа «Алтын жұлдыз» орденін және «Халық қаһарманы» атағын табыс етті.

98_main.jpg

Тоқаев Назарбаев есімін ұлықтау жалғасатынын айтып, бірнеше ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, Н.Назарбаевты "Құрметті сенатор" деп атау, Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту, Тұңғыш Президентке монумент орнату, барлық облыс орталықтарында негізгі көшедерге Н.Назарбаев есімін беру, мемлекеттік мекемелердің, оқу орындарының және басқа да маңызды органдардың төрінде Н.Назарбаев портреттерін мемлекеттігіміздің атрибуттары ретінде қалдыру.

Қос палата мүшелері мен Президент Тоқаевтың ант беру рәсіміне шақырылғандар айтылған ұсыныстарды орындарынан тік тұрып, шапалақтап, келісетіндерін сөзсіз-ақ білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер