Тоқаев алғашқы іссапарын Түркістанға тәу етуден бастады

Ахмет_Ясуаи_кесенесі0.jpg

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына келді. Мемлекет басшысы әуелі Қ.А.Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, зиярат етті. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен және «Ұлы Дала елі» орталығы, облыстық әкімдік пен басқармалар ғимараттарының, сондай-ақ, Конгресс холл, Медиа орталықтың құрылыс барысымен танысты.

«Ұлы Дала елі» орталығының жалпы аумағы 1,32 гектар аумақты құрайды. Атырау облысы тарту ететін ғимарат 2020 жылы пайдалануға берілмек. Ал облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер ғимараттарының құрылысына жауапты әрі орындаушы –  «BI group» компаниясы. Облыстық әкімдік және басқармалар ғимаратының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. Конгресс-холл ғимаратының жалпы аумағы  – 3,1 гектар. «BI group» ЖШС-і аталған нысанды 2020 жылы пайдалануға береді. Сондай-ақ Алматы қаласы салуға тиісті Медиа орталық биыл есігін ашады. Оның жалпы аумағы 1,56 гектар аумақты алып жатыр.

Мемлекет басшысы жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығына» аялдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы орталықта «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» және «Stem» жобаларымен танысты. Сондай-ақ, «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының резиденттерімен кездесті. Бүгінгі таңда орталық бір уақытта 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады.

Президенттің Түркістан қаласындағы сапары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысуымен жалғасты. Жалпы аумағы 96 200 шаршы метрді құрайтын 1560 пәтерлік 26 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жылы ел игілігіне тапсырылады.

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласына келді. Мемлекет басшысы әуелі Қ.А.Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, зиярат етті. «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен және «Ұлы Дала елі» орталығы, облыстық әкімдік пен басқармалар ғимараттарының, сондай-ақ, Конгресс холл, Медиа орталықтың құрылыс барысымен танысты.

«Ұлы Дала елі» орталығының жалпы аумағы 1,32 гектар аумақты құрайды. Атырау облысы тарту ететін ғимарат 2020 жылы пайдалануға берілмек. Ал облыстық әкімдік, басқармалар мен департаменттер ғимараттарының құрылысына жауапты әрі орындаушы –  «BI group» компаниясы. Облыстық әкімдік және басқармалар ғимаратының құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. Конгресс-холл ғимаратының жалпы аумағы  – 3,1 гектар. «BI group» ЖШС-і аталған нысанды 2020 жылы пайдалануға береді. Сондай-ақ Алматы қаласы салуға тиісті Медиа орталық биыл пайдалануға беріледі. Оның жалпы аумағы 1,56 гектар аумақты алып жатыр.

Мемлекет басшысы жуырда ғана тұсауы кесілген облыстық «Жастар ресурстық орталығына» аялдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы орталықта «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» және «Stem» жобаларымен танысты. Сондай-ақ, «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының резиденттерімен кездесті. Бүгінгі таңда орталық бір уақытта 400-ге жуық жасқа қызмет көрсете алады.

Президенттің Түркістан қаласындағы сапары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысуымен жалғасты. Жалпы аумағы 96 200 шаршы метрді құрайтын 1560 пәтерлік 26 көпқабатты тұрғын үй ағымдағы жылы ел игілігіне тапсырылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер