Түркістан, Атырау, Маңғыстау облыстары еркектерінің 40 пайызы ауру

WhatsApp Image 2019-03-29 at 10.16.11.jpeg

Урологиялық аурулар әлемде Орта Азия аумағында, ал Қазақстанда Түркістан, Атырау, Маңғыстау облыстарында көп тіркелген. Бұл туралы Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұйытқы болуымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен урологтардың алғашқы пленумында айтылды.

Мамандардың айтуынша, Түркістан облысындағы ауруханалардың Урология бөлімінде жатқан науқастардың 40 пайызы осы ауруымен ауырады. «Оның басты себебі, біріншіден, бұл өңірлерде күн өте ыстық, екіншіден, экологиялық ахуалы мәз емес, үшіншіден, ауыз судың сапасы нашар және туабітті бүйрек дертіне шалдыққандардың саны артқан», - дейді дәрігерлер. Сосын дерттің дендеуіне салғырттық себеп болып тұр. Уақтылы дәрігерге қаралмау, азғана ауырсынуға көңіл бөлмеу көп жағдайда өкінішті жайттарға ұрындырып жатады. Жиында мамандар осы мәселеге жіті назар аударды.

Түркістан қаласына бес елдің бас уролог дәрігерлері жиналды. Атап айтқанда,  Атап айтқанда, Ресей, Беларуссия, Қырғызстан және Өзбекстан мен Қазақстанның жоғары дәрежелі мамандары келді. Пленумда «Несептас ауруының алдын алу мәселесі қаралды. Олар несеп жолдарында пайда болатын аурулардың алдын алу, емдеу жайында өз ойларын айтып, өзара пікір алмасты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер