Еркектерді емдеудің барлық жағдайы жасалған

20170309180707.jpg

Түркістан облысында еркектерді емдеу бойынша барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен урологтардың алғашқы пленумында айтты.

Бізде барлық медициналық көмектер көрсетіледі. Қандай оталар болса да жасалады. Тіпті алдын ашық оталар жасалатын болса қазір, тіліксіз жасап жатырмыз, – деді Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев.

Аталған дерт түрлерін емдеу Түркістан облысында жақсы жолға қойылған. Атап айтқанда, еліміз бойынша ең алғашқы Ерлер денсаулық мектебі 2012 жылы Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының басазында ашылды. Содан бері аталған ерлер орталығында 18 мың ер азамат медициналық тексеруден өткен. Сонымен қатар, қазір ерлер денсаулығына қатысты барлық ем-дом көрсетіледі.

Түркістан қаласына бес елдің бас уролог дәрігерлері жиналды. Атап айтқанда,  Атап айтқанда, Ресей, Беларуссия, Қырғызстан және Өзбекстан мен Қазақстанның жоғары дәрежелі мамандары келді. Пленумда «Несептас ауруының алдын алу мәселесі қаралды. Олар несеп жолдарында пайда болатын аурулардың алдын алу, емдеу жайында өз ойларын айтып, өзара пікір алмасты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер