Шымкент балабақшаларында жоқ бүлдіршіндердің саны 80-ге дейін жетеді

Screenshot_20190404-152243_Drive.jpg

Былтыр тамыз конференциясында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов  мектеп асханалары мен балабақшалардың жағдайын тексеруді, ең ақыры балалардың қандай жастыққа ұйықтайтынына дейін анықтауды тапсырған деп жазады «Рейтинг» газеті. Жуырда осы мәселені қолға алған қаладағы қоғамдық ұйым белсенділерінен жекеменшік балабақшаларды тексеретін арнайы комиссия құрылды. Тексеріс қызу жүруде.  «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан балабақшалардың асханасынан, бала санынан кемшіліктер, ең ақыры бүлдіршіндер үйінің қалқасынан осы кәсіпкерлік нысанды қанатының астына алып, қорғаштап жүрген «дәулер» де табылып жатыр

– Қаратау ауданы бойынша 39 бөбекжайға мониторинг жүргізілгенде көп олқылықтар шықты. Тәлімгер, методист, медбике жетіспейтіні сынды кемшіліктер жетерлік. Мониторинг жүргізілген бөбекжайлардың арасында 80, 50, 40  баладан жоқ.  Бала санын артық көбейтіп, кейбір балабақша басшылары ай сайын 150-200 мыңдай ақша алады деген күдігіміз бар. Тексерген кезде бала саны құжатпен бірдей болмай шығады. Осы үшін қазынадан жылына 150-200 миллион теңге қаржы бөлінеді. Бірқатарында санитарлық тазалық сақталмаған. Ауасы тар. Бюджеттен берілетін ақшаны қайда жаратып жатыр? Үш топта алты тәрбиеші болу керек,  бұлар үшеуін ғана ұстап отыр. Тәрбиеші толық жұмыс күнін істемейді. Біреуі түске шейін, біреуі түстен кейін болу керек. 3-4 балабақша бір медбикемен  келісіп, соны «жұмысқа тұрғызып» алған. Өздеріндегі қаржыны үнемдеу үшін балаларға дұрыс жағдай жасап, тәрбие беріп жатқан жоқ. Балабақшаның меңгерушісі әдіскердің  де жұмысын қоса атқарады. Тәрбиеші мен медбикенің бөлек штаты болу керек қой. Олар да талапқа сай емес. Қала әкіміне осындай кемшіліктерді айтып, ұсыныс жасап төрт комиссия құрамын бекіттік. Келесі аптада әкім қоғамдық ұйымдарды қабылдайды. Сонда осы көз жеткізгендерді айтамыз. Кемшіліктің бәрін тізіп, Президентке де хат жазу керек, деді осы комиссияның жұмысы жөнінде мәлімет берген «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жанысбек Өтеген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер