Түркістан облысында 24 басқарма қайта құрылады

67e74c64-5d81-483b-8190-c0cb4e51df39.jpg

Бүгін Түркістан қаласында алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті XXXVII сессиясы өтті. Облыстық мәслихат депутаты Н.Әбішов төрағалық еткен жиының күн тәртібінде 28 мәселе – Түркістан облысының басқару схемасын бекіту, облыстағы 24 басқарманы қайта құру, облыс бюджетінің кіріс бөлігін толықтыру, табыстың өсуінің жаңа резервтерін анықтау және облыс мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы қаралды.

Жиында облыстық басқармалардың және ұйымдардың басшылары баяндама жасады. Сондай-ақ сессияда депутаттар ұсыныстарын жеткізді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев алдағы уақыттағы атқаратын жоспарларын жариялап, Түркістан облысында жүзеге асатын тың жобаларды таныстырып, нақты міндеттерін атап өтті.

– Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және экономика мен бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы Түркістан облысын көркейту бойынша міндет қойып отырмыз. Осы мақсатта біз өңірдің дамуына серпін беретін нақты жұмыстар атқаруымыз қажет. Ең алдымен, жүйелі нәтиже беретін, биылдың өзінде халыққа тиімді болатын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған басым бағыттарды назарға алуымыз қажет. Мен осы мақсатқа жету үшін басымдық беретін 5 негізгі бағытты айқындадым. Бұл – Түркістан қаласын дамыту, Түркістан облысының мәдени-рухани саласын жаңғырту, аудан, қала және ауылдарды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін және индустриалды аймақтарды көтеру, – деді Өмірзақ Естайұлы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер