Мемлекет қаржысын шығындап, таудың қуысына дейін газ құбырларын тартқан жергілікті биліктің «ҚазТрансГазбен» келісімі болмаған. Бұлай газ бермеу өте қиын мәселе. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өткен аптаның жұмасында өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында осылай деді.
– Газ мәселесі бойынша, шынында кейінгі жылдары неге бұған жол берілгенін, бүкіл ауылдарға сонау таудың қуысына дейін газ құбырларын тартып тастаған. Бірақ, газ жоқ. Бұл негізі өте қиын шаруа, «Неге мемлекеттің ақшасына соншама жерге дейін соншама шығын жасады, бірақ газ жоқ» деген мәселе. Ол жерде «ҚазТрансГазбен» жергілікті билікпен арасында келісімі болмаған. Мұны мен өткенде Мемлекет басшысымен кездескенде де айттым. Премьер-Министрмен кездескен кезде де айтқам. Бұл, оказывается, только бұл облыстың ғана шаруасы емес. Барлық облыстарда осындай мәселе бар. Сондықтан үлкен мәжіліс ұйымдастыратын болдық, Премьер-Министрмен. Бұл мәселені түбегейлі шешу керек, – деді Өмірзақ Естайұлы.
Оның айтуынша, облыстық маңызы бар ауданаралық жолдардың да сапасы өте нашар. Сын көтермейді.