Алик Шпекбаев адал болуға шақырды

26047375_574450069564014_1956396614156073103_n.JPG

Сыбайлас жемқорлық жою мақсатында өлім жазасын қолданатын Қытай билігі де шененуніктердің пара алуын тоқтата алмайды. Осындай мәлімдеме таратып, бастама көтерген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев халықты сыбайлас жемқорлықтан азат қоғам құруға шақырды. Оның ойынша, қылмыстық шаралар парақорлықты түбегейлі жоя алмайды. 

«Адалдық, ашықтық, жауапкершілік, есеп берушілік – тек сөздер ғана емес. Бұл – сыбайлас жемқорлықтан азат қоғамның басты құндылықтары.

Қылмыстық шаралар маңызды, бірақ проблеманы түбегейлі шешуді қамтамасыз етпейді. Тіпті өлім жазасы шенеуніктердің пара алуын әлі де тоқтатпаған Қытайдың мысалы осыған дәлел.

Бүкіл қоғамның ауқымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру – бұл ұзақ мерзімді процесс. Бірақ жеке деңгейде әрқайсымыз оны өте тез жасай аламыз. Ең бастысы – ниет пен ерік» делінген мәлімдемеде.

Мәлімдемеде одан әрі өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты дамыту үшін еліміздегі барлық мектептерде «Адал ұрпақ» клубтарын ашылғаны, оқу орындарында академиялық адалдық қағидаларын және олардың қызметінің ашықтығын нығайтуға бағытталған «Саналы ұрпақ» жобасы іске асырылып жатқаны, елімізде сатушылары жоқ 3700-ден астам «Адалдық дүкенінің» ашылғаны баяндалған.

«Достар, біз Тұңғыш Президенттің тапсырмасына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» республикалық жобасын жүзеге асырудамыз #Adaldyq_alany. Мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартқысы және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жойғысы келген кез келген ынтасы бар адам оған қосыла алады. Тек сіздердің белсенді қолдауларыңызбен ғана жоба жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысқа айналады» деп аяқтайды төраға мәлімдемесін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер