«Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» алған М.Әлібек Жер испекциясын басқара бере ме?

Alibekov.jpg

Кешегі аптаның бейсенбісінде өткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі Кеңес 12 шенеуніктің мәселесін майшаммен қараған болатын. Дәлірегі 16 еді, дәлел болмай тәртіптік шара көру мерзімі өтіп кеткен соң оларды қысқартты.

Дегенмен, Әдеп кеңес 12-інің бірін жұмыстан қуса, екеуіне «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» беруді ұсынды. Атап айтқанда соңғы екеудің бірі – Түркістан облысынң Жер испекциясы басқармасының басшысы М.Әлібеков.

Марат Серікұлы бұл лауазымға сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі өкімімен 2018 жылы 8 сәуірде тағайындалған. Мамандығы заңгер, еңбек жолын прокурордың көмекшісі болып бастап, өзі де білдей бір ауданның прокуроры болған азаматқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Әдеп кеңесінің шешімі сотқа шағымдану кезінде жіберілген кемшіліктері бойынша шығарылған соттың жеке ұйғарымдарының негізінде ұсынылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер