Түркістаннан адамдар көшіп кетіп жатыр

WhatsApp Image 2019-04-08 at 19.52.11.jpeg

Соңғы үш жылда Түркістан облысынан 700-ден астам отбасы көшіп кеткен. Былтырдың өзінде 500-ге жуық отбасы басқа жаққа қоныс аударған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады. Олар түбегейлі шешім қабылдап, жұмыс күші тапшы Қазақстанның солтүстік аудандарына қоныстануды қолдайтын мемлекеттік бағдарламамен кетіп жатыр.

Күні кеше Түркістан облысының 70-ке жуық тұрғыны солтүстік өңірлерге аттанды.  Мақсат – жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару.

Қоныс аударушыларға мемлекеттен қолдау зор. Түркістан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергеновтің мәліметінше, бағдарлама қатысушыларына тұрғын үйді жалдау мен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары да төленеді. Сондай-ақ, әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 35 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде материалдық көмек беріледі.

Мамандардың айтуынша,  қазір солтүстік өңірлерінде 3 мыңнан аса бос жұмыс орны бар. Қоныс аударушылар санының жылдан-жылға өсіп келе жатқандықтан теріскей өңірі  тұрғын үй құрылысына да қарқын беріп отыр.

Айта кетейік, жыл соңына дейін облыстан еңбек күші тапшы өңірлерге 1500-ден асатын мүшесі бар 400 отбасы қоныс аударады деп күтілуде. Бүгінде салаға жауаптылар солтүстікке көш бойынша ауылдық елдімекендерде насихат жұмыстарын жүргізуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер