Тоқаев үндеу жариялайды

9ccd52891b49eb40ae854b0f0207cb2a_resize_w_1200_h_678.JPG

Бүгін сағат 13:00-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы тікелей эфирде үндеу жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейбуктегі парақшасында жариялады.

«Бүгін, 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 13.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жариялайды» деп жазды ол.

Осының алдында ғана Ақорда «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдады», деп хабарлаған болатын.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Курьер Магнумда жұмысын жалғастыруда
  • Талдықорғанда Шерзат ісіне байланысты сот басталды
  • Астанаға Дженнифер Лопес келеді
  • Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылды
  • «Жасыбайдағы» бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер