Тұрғындар бюджет қаржысын қайда жұмсағанын енді әкімнен сұрап әуре болмайды

20190409153838.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдіктері ресми сайттарында бюджет қаржысы мен салық түсімдерінің қайда жұмсалып жатқанын жариялайды. Кез келген азаматтың мемлекет қаржысын бақылауына мүмкіндік жоба «Ашық бюджет» аясында жүзеге аспақ. Бұл туралы СҚО әкімдігінің отырысында «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы талқылау барысында айтылды.

Халық қазsнасы қаражатының жұмсалуынан хабардар ететін интерактивті карта жасалуда. Сол арқылы құрылыс және жөндеу жұмыстарының орындалу барысын қадағалауға болады.

– «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің барлық ұсыныстарын қолдаймыз. Бізге үш бағыт бойынша жұмыс жасау керек: мемлекеттік қызметтерді көрсету, электрондық жүйеге көшу, құрылыс және жөндеу жұмыстарын қадағалау. Елбасының тапсырмасына сай биыл өңірде әлеуметтік нысандарды жөндеуге қыруар қаражат бөлінбек. Осының барлығын тексеріп, қадағалап отыру қажет. Жергілікті әкімдіктердің сайттарында «Ашық бюджет» жобасын іске қосып жатырмыз. Әр адам бюджеттің қалай игеріліп жатқанын көре алады, деді бұл жобаны қолдаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысының тапсырмасы бойынша аудан әкімдері және басқарма басшылары әлеуметтік желілерде өз парақшаларын ашуда. Бұл мемлекеттік органдардың ашық болуына, азаматтардың өтініштерін жылдам қарауға мүмкіндік береді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер