Болат Жұмабеков Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды. Ол бұған дейін бұл қызметті 2012-2013 жылдары атқарған болатын. Ал бүгінге дейін Болат Жұмабеков Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
Болат Серікұлы Жұмабеков Көкшетау облысы Қуйбышев ауданының Қуйбышев ауылында 1972 жылдың 5-ші қарашасында дүниеге келген. Ол Ақмола а уыл шаруашылығы институтын және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған. Агроном және заңгер. Өзінің еңбек жолын 1995 жылы СҚО Тимирязев ауданында шаруашылық қожалығының агрономы қызметінен бастаған. 1999-2005 жылдар аралығында Тимирязев ауданы жер ресурстарын басқару бойынша комитеттің төрағасы болған. 2005-2007 жылдарда СҚО Тимирязев ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы. 2007-2009 жылдар аралығында Тимирязев ауданының әкімі қызметін атқарған. 2009 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін СҚО әкім аппаратының жетекшісі. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2014-2018 жылдар аралығында СҚО Қызылжар ауданы әкімі қызметтерінде болды.