Қазақстаннан көшіп кетушілер көбейіп барады

01-05-1000x700.jpg

Ел аумағынан тысқары кеткен мигранттар саны 3,7 пайызға артты. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті мәлімдеді. Комитеттің мәсіметінше, 2019 жылдың 1 ақпанында Қазақстан халқы 235,7  мың адамға көбейіп, тұрғындар саны 18 млн 431,5 мың адамға жетті. 

Халықтың 58,2 пайызы – 10 млн 721,5 мың адам қалаларда тұрады. 41,8 пайызы – 7 млн 710 мың адам ауыл тұрғындары екен. 

Осы жылдың қаңтар-ақпанында республикада 1 жасқа дейінгі 615 сәби (өткен жылдың қаңтар-ақпанында – 587) өлімі тіркелді. 2018 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі сәбилердің өлім-жітімі 4,8 пайызға кеміді. 2019 жылдың қаңтарында сәби өлімінің коэффициенті 1000 дүниеге келген балаға шаққанда 9,9 оқиға болды. Сәби өлім-жітімінің негізгі себебі перинаталдық кезеңінде пайда болған жағдай саналады. Оның салдарынан қаңтар-ақпанда 323  бала шетінеді. Туа біткен ауытқудан – 113, тыныс алу мүшелері ауруынан – 56, төтенше жағдайлардан 19 бала көз жұмды. 

Биыл қаңтар-ақпанда былтырғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда Қазақстанға келушілер мен кетушілердің қатары бірдей көбейген – 16,2 пайыз. Сол сияқты  ТМД елдерінен келгендер мен кеткендер саны да бірдей, 89,5 пайызды құрады. Өңіраралық қоныс аударуда  көші-қонның оң сальдосы Батыс Қазақстан (7 адам), Маңғыстау (69), Түркістан (142) облыстарында және Нұр-сұлтан (4146) мен Алматы (4632) қалаларында тіркелген. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер