Арыс қаласының 56 үйі қалпына келтірілді

b70ec93591062a8fa5e00255c95e3e0e.JPG

Қаланы қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға республикалық маңызы бар 17 өңір мен қала қатысады. Қираудың негізгі бөлігі әскери полигонға жақын маңдағы аумаққа келді, оны 5 шартты секторға бөліп, Атырау, Түркістан, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарының әкімдіктеріне бекітіп берді.


Түркістан облысы жетекшілік ететін № 7 секторда жөндеу жұмыстары 111 нысанда жүргізілуде. Барлығы 20 компания, 200 құрылысшы және 50 арнайы техника жұмылдырылды. 


"Бірінші кезекте біз күрделі жөндеу қажет болған жерге барамыз. Біз осындай аудандар мен үйлерді басымдыққа қойып отырмыз. Үш күн ішінде 10 үйді толық тапсыруды жоспарлап отырмыз", - деді Түркістан облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметов.

"Кеше үйдің төбесіндегішифер түсірілді-соққы толқынынан ұстын ағашы ортасынан сынған. Нәтижесінде оны қайтадан салу үшін барлық шатырды алып тастады. Барлығы жұмыс істейді, рахмет. Үйдің ішінде бәрі қалыпты. Үйлерді көше басынан бастап жөндеп келеді, кезек бірте-бірте бізге дейін жетті", - деді Арыс қаласының тұрғыны Баян Наушабекова. 

Жарылыс салдарынан қатты зардап шеккен секторлардың бірін Атырау облысы өз мойнына алды. Мұнда пластикалық терезе жасайтын 2 шағын цех ашылды. Осы жерден терезелер тез арада құрылыс алаңдарына жеткізілуде.


"Зардап шеккен секторлардың бірі 483 үйді қамтиды. 12 компания оларды қалпына келтірумен айналысуда. Қызметкерлер саны 400-ден астам. Қазір 280-нен астам үй қалпына келтірілуде. Негізгі зақым келген тұстар-үйлердің шатыры, терезелері, ішкі есіктері мен ғимараттың қабырғалары", - деді Атырау облысы әкімінің кеңесшісі Жасұлан Сүйіншалиев.

№ 2 Секторды Павлодар облысы қалпына келтіреді. Осы әкімдікпен бекітілген аумақ ең үлкен болып саналады, бірақ толқынның негізгі соққысы шағын учаскеге сай келді. Осыған қарамастан, 28 маусым мен 4 шілде аралығында сарапшылар 327 үйді, оның ішінде 5 көпқабатты үйді тексерді.

"Қазір 258 пәтерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Секторда барлығы 171 құрылысшы жұмыс істейді, олардың санын 250-ге дейін арттыру жоспарлануда", - деді Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Ұлан Жазылбек.  

Қарағанды облысына бекітілген № 5 Сектор негізінен көп пәтерлі үйлерді қамтиды.  Қарағанды облысының құрылыс және сәулет басқармасының басшысы Тайман Қалмахановтың айтуынша, қазір 11 көпқабатты үйдің 9-ында терезелер алмастырылуда. Жамбыл облысының 3 секторының құрылысшылары бүгінгі күні 5 үйді қалпына келтіруді аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, Арыс ауданындағы үйлердің 85% - ы жөндеуді қажет етеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер