Арыстық қариялар демалыс үйіне аттанды

920e851f760643d69f28daba4d3c4c44.jpg

Аталған бастама Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Онда ардагерлерге түрлі медициналық қызметтер көрсетілетін болады. Атап айтқанда, физиотерапиялық, парафинмен, озокеритпен емдеу, дене шынықтыру, дәрі егу сынды ем-дом көрсетіледі. Демалушылар күніне 4 мезгіл тамақтанады. Жалпы демалу мерзімі - 15 күн. Сондай-ақ, демалушы ардагерлердің қатысуымен күнделікті концерттік бағдарламалар өткізілетін болады.

Айта кетерлігі, Арыс қаласында 3900-ден астам зейнеткер тұрады. Бүгін 8 шілдеде «Мейір» ардагерлер үйіне 190 зейнеткер аттанса, 9 шілдеде «Ардагерлер үйіне» 200 зейнеткер жолданады.  Жалпы шілде-тамыз айларында барлығы 1360 зейнеткер қамтылады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түйе үстінде жамбы атудан қазақ қызы әлемдік рекорд орнатты
  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
  • Қазақстан мен БАӘ Cыртқы істер министрлері өңірдегі жағдайды талқылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер