Қазақстан автомобиль жолдарының сапасы бойынша әлемде 106-орында


«Аталған форумға жолдардың сапасы жөніндегі ақпаратты еліміздегі «Стратегиялық бастамалар орталығы» есеп түрінде берген. Ал, орталық өз кезегінде заңды тұлғалардан әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы ақпарат жинайтынын айтып отыр. Мысалы, жолдардың сапасы бойынша сауалнама жүргізу әдістемесі орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінде онлайн өткізілген. Бұл сауалнамада тек республикалық маңызы бар жолдар ғана емес, облыстық және аудандық маңызы бар, елді мекендердің көшелеріндегі жолдар да қамтылады. Сұралатын заңды тұлғалардың құрамына: оның 55 %-ы қызмет көрсету саласындағы субъектілер, 30% – өнеркәсіп, 8% – ауыл шаруашылығы және 7% – шағын кәсіпкерлік субъектілері кіреді», - делінген хабарламада.

Бүгінде Қазақстанда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 85,6 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 24 100 шақырым республикалық маңызы бар жолдар, яғни, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ жауапкершілігіне еліміздегі автожолдың 28% -ы ғана тиесілі.

«Дүниежүзілік экономикалық форумында Open Street Maps b Google Directions және Geonames деректер базасына негізделген республикалық маңызы бар жолдар сапасының жай-күйінің рейтингісі жүргізіледі. Соның ішінде 10 немесе одан да көп ірі экономикалық қалаларды байланыстыратын маршрут қозғалысының орташа жылдамдығының көрсеткіші бойынша (жол қозғалысы сапасының индексі) Қазақстан 140 елдің ішінде 59-шы орында тұр», - дейді мамандар.

Қазіргі уақытта «QazAvtoJol» ҰК» АҚ қайта құру және күрделі жөндеу жұмыстары бойынша ұзындығы 4 870 шақырым болатын 70 жобаны жүзеге асыруда. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдары деңгейінің көрсеткіші 51%-ы жақсы, 36%-ы қанағаттанарлық және 13%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда деп баға берілген.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер