Қарағандыда еліміз бойынша ең ірі көтерме-тарату орталығы ашылады


Облыс әкімінің баспасөзқзыметінне хабарлағандай, логистика саласындағы заманауи кәсіпорын «Солтүстік – Оңтүстік» ағындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен сауда үшін байланыстыруға мүмкіндік береді. Сауда алаңының ашылуын жеткізушілер мен тұтынушылар тағатсыздана күтуде. Фермерлер бұл орталықта өз өнімдерін делдалсыз сата алады. Ал қалалықтар маусымдық баға өсіміне қарамастан арзан жеміс-жидектер мен көкөністер сатып ала алады.

Аймақ басшысы жобаның әлеуметтік маңызы бар екенін атап өтті. Азық-түлік қауіпсіздігі міндеттерін шешумен қатар, бұл отандық тауар өндірушілерді қолдау және жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жоба. 

Ерлан Қошанов инвестормен құрылысты аяқтау және нысанды іске қосу мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, көтерме-тарату орталығының құрылысына қаланың жаңа орталығында ауқымды жер телімі бөлінген болатын. Бұл аумақта әртүрлі климатты және құрғақ қоймалар, түрлі температуралық режимі бар камераларды қамтитын қойма терминалдары салынған. Бірегей кросс-доктар – жабық павильондар салынды, онда бір мезгілде 164 жүк көліктері орналасуы мүмкін. Үй-жайлар желдетілетін және жылытылатын болады. Алғашқы болып осындай жүйені елімізде қарағандылықтар енгізді. Сонымен қатар, көтерме және бөлшек сауда үшін үлкен жабық базар салынуда.

Жоба мемлекеттік қолдауға ие болды. «Бизнестің жол картасы» бойынша инвесторға несие берілген болатын. Ал қажетті коммуникацияларды, оның ішінде темір жолдарды жүргізу мемлекет тарапынан қаржыландырылады. 

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында фермерлер мен олардың өнімдерін сатып алушылар үшін электрондық сауда алаңы құрылатын болады. Жеткізушілердің ыңғайлылығы үшін сол жерде кедендік аймақ ашылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер