Туристер өздері қалған нысанды тікелей эфирден көре алады

97763553a56ee89f24787f9725b4b719.jpg

Жақында Түркістандағы туризм саласын дамытуда зор рөл атқарып жатқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ресми сайтындағы (http://azretsultan.kz/) МЕДИА бөлімінде тікелей эфир режимі іске қосылды. Аталған бөлімнен Қожа Ахмет Ясауи,  Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенесі мен сегіз қырлы сағана маңындағы күнделікті тыныс-тіршілікті тікелей көруге болады. Кез-келген турист қорық-музей сайтына кіріп, кесене алдында не боылп жатқанын әрқашан бақылай алады. Осы арқылы кесене маңындағы қауіпсіздіктеріне көз жеткізеді. 

Сонымен қатар,  аталған қорық-музейі сайтының Android платформаларына арналған мобильдік қосымшасы іске қосылды. Қосымша арқылы ғасырлар елегінен өтіп, бүгінгі күнге жеткен көне, тарихи құнды жəдігерлер мен оларды сақтау, қорғау, қайта қалпына келтіру, қорық-музейге қарасты тарихи-мәдени және рухани орындармен танысу және  3D-тур арқылы тамашалау, министрлік жаңалықтары мен музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі ақпараттар алу, директор блогы арқылы байланыс орнату, музейге түсетін қаржы  және қонақтарға көрсетілетін қызметтер жайлы мәлімет алып, тарихи ескерткіштер жайлы ғылыми мақалаларды оқуға мүмкіндік қарастырылған. Туристер енді қорық-музей туралы озық технология арқылы бүкіл мәліметті біле алады.

Ағымдағы жылы қорық-музейге қарасты барлық тарихи-мәдени жерлерді де онлайн қосу жоспарланып отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер