Түркістан көшелері жарыққа бөленуде

2cc94f28cff3d40892dcc054bc3797b4.jpg

Түркістан қаласы күннен-күнге көркейіп келеді. Қазіргі таңда қалада құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Көптеген нысандар салынып жатыр. Бұл нысандар болашақта тек түркістандықтарға емес, дүниенің түкпір-түкпірінен келетін туристерге қызмет көрсететін болады. Туристерге ыңғайлы жағдай жасау – басты назарда тұрған міндет. Ең бірінші кезекте шетелдіктер өздерін қауіпсіз сезінуі керек. Әсіресе, түн мезгілінде бұл өте маңызды. Осыған орай, киелі шаһарды жарықтандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. Бұған дейін де осы бағытта бірнеше жобалар іске асқан. Ендігі кезекте қаланың жарықтандыру жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес болғаны абзал. Осыған орай, қала әкімдігі жарықтандыру жұмыстары баса назар аударып отыр.

Бүгінге дейін атқарылған жұмыстардың нәтижесіне үңілсек, Түркістанда 52 көше жарықтандыру жүйесімен жабдықталды. Нәтижесінде қалада түн уақытысында қараңғылық құшағында қалатын көшелер саны айтарлықтай деңгейде азайды. 1211 бағананың жарық жүйесі диодты жарық шамдарына ауыстырылады. Заманауи диодты жарықшамдар қала тұрғындарының мәдениетін арттыратыны анық. Сонымен қатар, автомобиль жолдарындағы 1027 бағананы жарықтандыру жоспарлануда. Алдағы уақытта қала самаладай жарық болып тұрып, туристерге жағымды әсер сыйлайды.  

Ал, орталық көшелерден демонтаждалған бағаналар ішкі көшелерге орнатылуда. Мердігер мекемелер демонтаждалған бағаналарды түзету, сырлау жұмыстарын жүргізуде. 

Келешекте туристер түнгі Түркістанды еш қорқыныш-үрейсіз жарық құшағында аралайтын күн алыс емес.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер