«Nur Otan»-ның қоғамдық қабылдауында жұмысқа орналасты

нуротан.jpg

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалына қоғамдық қабылдауға келген азамат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіне жұмысқа шақырылды. Бұл туралы партия филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында жеке және заңды тұлғалар арасында қоғамдық қабылдау өткізді. Алғаш рет әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілген қоғамдық қабылдау барысында Хаким Дүйсешұлы  азаматтардың өтініштерін тыңдап, сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша  қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.  

нуротан1.jpg

Түркістан қаласының тұрғыны Құрманбай Мырзақұлов өзінің айтуынша, Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты МҚКК «Қолөнер мектебінде» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасар қызметін атқарған. 2018 жылы 3 қазанда мектеп директоры Қ.Мырзақұловтың штат бірлігін заңсыз қысқартқан. Мұнымен келіспеген азамат сотқа жүгінген. Қолында дәлел-дәйектері де бар. Мәліметке сүйенсек, қолөнер мектебінің басшылығы ата-аналардың қолы қойылған жалған құжат жасатып, биыл каникул кезінде 239 оқушыдан 145 оқушыны қысқартып, мектепте 93 баланы қалдырған.

Қазақстанда баламасы жоқ мектептің бүгінгі тағдырына алаңдаған департамент басшысы бұл істі назарға алатынын жеткізді. 

Ал, Кентау қалалық емханасында оператор қызметін атқаратын мүмкіндігі шектеулі Анаркүл Анарбекова өзі қызмет ететін емханада бухгалтерлік қызметке кіруге ниет еткен. 2015 жылы бухгалтер курсын аяқтаған Анаркүлді емхана басшылығы кемсітіп, аталған жұмысты бір қолмен игере алмайсың деп жауап қатқан. Әділдік пен адами қарым-қатынас іздеген азамат «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалына арнайы келген.  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Хаким Дүйсешұлы азаматтық танытып, Анаркүлді өзі жетекшілік ететін департаментке бухгалтерлік жұмысқа шақырды. 

Бұдан бөлек, виртуалды қоғамдық қабылдауда азаматтар тарапынан біршама сауалдар қойылып, оларға тиісінше жауап берілді. Партия филиалының xалықпен тілдесудегі жаңа бастамасы ары қарай да жалғасын табатын болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер