Шымкентте реконструкция жасау арқылы 3 777 орындық 8 мектеп ашылды

Screenshot_9.jpg

2019 жылдың 11-12 қыркүйегінде ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ  Шымкент қаласында «Атамекен» АКП, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Shymkent» «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ алаңдарында «Road Show» форматындағы ақпараттық түсіндіру акциясының аясында студенттік жатақханалар мен жеке меншік мектептерді салу мәселелері бойынша іс-шаралар өткізді. 

Кездесулер барысында Шымкент қаласының кәсіпкерлік қоғамдастығы мен оқу орындары үшін әлеуметтік нысандарды салу жобаларына қатысудың артықшылықтары мен мүмкіндіктері түсіндірілді. 

Сонымен қатар, Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Білім беру саласындағы инфрақұрылымдық  жобаларды қаржыландырудың жаңа тәсілдері» тақырыбында баспасөз брифингі өтті. Брифинг спикерлері  ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АО президенті - Асқар Ибраимов, «Қаржы орталығы» АО студенттердің жатақханаларға операторлық ету бойынша  департаментінің директоры - Біржан Алимжанов және «Қаржы орталығы» АО білім беруді мемлекеттік қаржыландыру жүйесін дамыту департаментінің сарапшысы - Балжан Әлбиева түсіндіру жұмыстарын баяндады.

2019 жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша 13 оқу орнындағы студенттік жатақхана орындарына қажеттілік 8 400 орын-жайды құрайды. Жоба аясында 600 орынға 2 жатақхана енгізілді. Сонымен қатар, жылдың соңына дейін 361 орынға арналған 2 объектіні енгізу жоспарланып отыр. 

Оқушылар орындарының тапшылығын азайту мақсатында Шымкент қаласында реконструкция жасау арқылы 3 777 орындық 8 мектеп және құрылыс салу арқылы 2 352 орындық 3 мектеп ашылды.

"Road Show" форматында ақпараттық-түсіндіру акциясы аясында осындай іс-шараларды Түркістан қаласында  (13 қыркүйек) және Тараз қаласында (16-17 қыркүйек) өткізу жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Астанаға Дженнифер Лопес келеді
  • Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылды
  • «Жасыбайдағы» бұрынғы президенттік резиденция мемлекет меншігіне қайтарылды
  • Мүфтият: құлпытасқа сурет салуға, қымбат тастан жасауға, Құран аяттарын жазуға болмайды.
  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер