Шымкент қаласында жыл соңына дейін 3500-ден астам пәтер пайдалануға берілмек

Screenshot_6.jpg

Бұл туралы бүгінгі баспасөз брифингінде тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәлік Құттымбетұлы мәлімдеді.

Тарқатып айтар болсақ, 828 пәтерлі 14 арендалық (коммуналдық) тұрғын үй, Нұрсат тұрғын алабында 656 пәтерлі 11 кредиттік тұрғын үй, «Шымкент» ӘКК-сы арқылы 1016 пәтерлі 24

кредиттік тұрғын үй,70 пәтерлі 2 жатақхана және жеке құрылыс жүргізушілер есебінен 1293 пәтерлі 26 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда.

Брифинг барысында журналистер тұрғын үй қорын жаңғырту, 7-20-25 бағдарламалары аясында түйткілді сауалдарына жауап алды.

Ағымдағы жылы «Shymkent City» қалашығында орналасқан 10 көпқабатты 540 пәтерлі арендалық (коммуналдық) тұрғын үй пайдалануына тапсырылып, 177 пәтері көпбалалы отбасыларға, 108 пәтері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және 255 пәтері әлеуметтік әлсіз топ санаттарындағы азаматтардың пайдалануына берілді.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 8602,3 млн. теңгені құрайтын 866 өтінім қабылданып, 4944,5 млн. теңгеге 487 өтінім қанағаттандырылды.

Қазіргі таңда, бағдарламаға сәйкес 246 пәтерлі 3 кредиттік тұрғын үйді сату жұмыстары жүргізілуде. 

«2-10-20» («Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шымкент қаласына шамамен (болжамды) 3 414 млн.теңге сомасына 410 кредит мөлшерінде қарыз көлемінің лимитін бөлді.

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап 17 тамызына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардан бағдарламаның параметрлеріне сәйкес келетін 1010 азаматтан өтінім қабылданды.

Қазіргі таңға бұл бағдарлама бойынша 691 отбасына жолдама беріліп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісінің мәліметтеріне сәйкес, банкте жалпы сомасы 4001,6 млн. теңгені құрайтын 302 азаматтың құжаттарымен төлем қабілеттілігін растау жұмыстары жүргізілуде, 2428,9 млн. теңге сомасына          184 несие мақұлданды, оның ішінде санаттар бойынша:

көп балалы отбасыларға 75 несие – 1036,3 млн. теңге сомасына;

толық емес отбасылар 84 несие – 1035,9 млн. теңге сомасына;

мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар 25 несие – 356,7 млн. теңге сомасына.

Бүгінгі күнге бұл бағдарлама бойынша 16 азамат 217,0 млн. теңгені құрайтын  қаржыға екінші нарықтағы тұрғын үйлермен қамтылған.

Бағдарламаны тұрақты түрде тұрғындарға түсіндіру мақсатында «Ақпараттандыру орталығы» ашылып, онда екінші деңгейлі банк пен құрылыс компанияларының, «Баспана» Ипотекалық ұйымының өкілдері «7-20-25» және «2-10-20» бағдарламаларына қатысты сауалдар бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, пәтер бағасының алғашқы жарнасына (1 млн. теңгеден аспайтын сомаға) тұрғын үй сертификаттарын әлеуметтік көмек ретінде және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау бойынша мәслихатпен сертификат мөлшері мен оны алатын азаматтар санаты айқындалған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер