Шымкент қаласының көшелерінде төрт айналма жол пайда болады

Screenshot_7.jpg

Бүгін Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқарма басшысы Қуатжан Жұматаев брифинг өткізді. Брифинг барысында басқарма басшысы Шымкенттің көшелерінде төрт айналма жол пайда болатынын хабарлады.

- Кептелсін азайту мақсатында айналма жол құрылысы салынатын болады. Бүгінгі таңда Арғынбеков - Бәйдібек би көшелерінің қилысында құны 11 млрд. теңгеге салынатын болса, екінші айналма жол Қонаев - Рысқұлов көшелерінің қиылысында - құны 7 млрд.теңге болмақ. Үшінші айналма жол Сайрам - Жібек жолы көшелерінің қиылысында болжам құны 6 млрд.теңге, ал төртінші айналма жол Бәйдібек би - Төлеметов көшелерінің қиылысында орналасатын болады, - деді Қуатжан Жұматаев.

Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша, кешкі уақыттарда М.Дулати көшесіндегі, "Колос" аялдамасының маңы, Жібек жолы көшесінде және "Бекжан" базары маңында автокөліктердің тоқтауға тиым салынған жерлерде адам алып, қоғамдық көліктердің бағытына кедергі келтіру арқылы кептеліс жасап отырған көліктерге де шара қолданылатындығын жеткізді. 

- Аталған жерлерде көптеген кептелістер орын алады. Қазір біз "Сергек" мекемесімен бірге жұмыс атқарып жатырмыз. Яғни, сол жерлерге "Сергек" қоюды жоспарлап отырмыз, - деді басқарма басшысы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер