МӘМС жүйесі бойынша 531 997 азамат қамтылды

f184f73c0717dab92fbc8f90ebac5b6d.jpg

Бүгін Шымкент қаласында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында баспасөз брифинг өткізіп, аталған саланың алдағы жоспарларымен бөлісті. Басқарма басшысы қаладағы  медициналық ахуал жөнінде айта кетті:

- Шымкент қаласы бойынша денсаулық сақтау саласына 2020 жылға 62,3 млрд. теңге бөліну жоспарлануда. Оның ішінде: 37,3 млрд тегін кепілдендірілген медициналық көмекке, МӘМС 25,0 млрд.теңге. қажет деп жоспарланып отыр. Медициналық ұйымдардың өтінімдеріне сәйкес, халыққа амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 5,5 млрд теңгеге дәрілік заттарды сатып алу жоспарлануда.

Сақтандырылған немесе сақтандырылмаған азамат болсын оған барлық шұғыл көмек тегін көрсетіледі . Бұрынғыдай алғашқы медициналық көмек, жедел жәрдем шақыру, санитарлық авиация көмегі, басқа да науқастың өмірін құтқаруға қажетті дәрігерлік көмектің барлығы тегін көрсетіледі.

Шымкент қаласында МӘМС жүйесін тартуды жандандыру үшінқала әкімінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №27-Ө «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуді түсіндіру бойынша Штаб құру туралы» өкімімен штаб құрылып 3 штаб отырыс өткізілді. Штаб отырысының хаттамалары түзіліп, тиісті аумақтық департаменттермен басқарма басшыларына тапсырмалар беріліп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде іс-шараларды өткізудің жоспары,

МЕДИА жоспар бекітілді. Бүгінгі таңда, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша, 531 997 азамат қамтылды, ол - 77,6%. Шымкент қаласында орналасқан 18 ірі кәсіпорының базасында, емханада бекітілген кестеге сәйкес, МӘМС ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы бойынша 01.08.2019 жылы медициналық ұйымдарға бекітілген халық тіркелімі порталына тіркелген халық саны – 1 034555. Шымкент қаласы бойынша мемлекет өз қарауына алатын 15 категориядағы әлсіз топтағы азаматтар барлығы 683931 адам, 66,0% құрайды, - деді басқарма басшысы. 

Айта кету керек, Шымкент қаласын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының 09.09.2019 жылғы мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша бүгінгі күнге, «Әлеуметтік мәртебесін анықтау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі дерекқорға сәйкес, 113353 адам өзектендірілген (актуализацияланды) ал, статусы өзектендірілмегендердің (актуализация болмағандар) жалпы саны – 38273 адамды құрайды. Емханаға тіркелмеген халық саны 22.08.19ж.- 28126 құраса, анықтама жұмыстары жүргізіліп, 11349 адам қайтыс болғаны, 527 азамат емханаға тіркелді, қалғаны 16250. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетенің медицина ұйымдары тарапынан халықты тұрғылықты жері бойынша медицина ұйымына тіркелуі бойынша үй аралау жұмыстары жүргізіліп, статустары анықталуда.

Мемлекеттік медициналық ұйымдарында компьютермен қамтамасыз ету 67% құрайды, 1901 комьпютерлік техника жеткіліксіз. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде 642,626 млн теңге сомасында 1901 компьютерлік техника алу жоспарлануда. Жеке меншік медициналық ұйымдарда 453 компьютерлік техника қажет. 12.09.2019 жылы қала әкімінің төрағалық етуімен медициналық ұйымдардың басшыларымен Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауы және МӘМС жүйесі бойынша отырыс өткізіліп, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін жеке меншік медициналық ұйымдардың өз бюджет қаражаты есебінен 100% қамтамасыз ету бойынша тапсырма беріліді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер