Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығы аталып өтті

10.09.19.jpg

Созақ ауданының орталығында Сұлтанбек Қожанов атындағы музейдің ұйымдастыруымен қайраткердің туғанына 125 жыл толуына орай ауқымды шара өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараға облыс орталығынан келген қонақтар, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, аудан ардагерлері, мектеп басшылары, мұғалімдер, оқушылар қатысты. Шара С.Қожанов атындағы музейдегі мемлекет және қоғам қайраткерінің ескерткішіне А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы Хазретәлі Тұрсын мен Созақ ауданының құрметті азаматы Пардабек Сақтапбергенұлы бастаған топтың гүл-шоқтарын қоюымен басталды. Тәуелсіздік саябағында жалғасқан шара басында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп ұжымы мен оқушылары дайындаған театрландырылған көріністер тамашаланды. Сұлтанбектанушы Мақсат Қарғабай, алаштанушы Хазретәлі Тұрсын баяндамалар жасап, Сұлтанбек Қожанұлының өмірі мен қызметі туралы тың деректерден хабардар етсе, Қазақстан Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші-композитор Сауранбек Елеуов Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған "Түркістан" әнін орындады. Шараны музей директоры Ниязәлі Дүйсенбек қорытындылап, бүгінгі жиынды өткізуге белсене атсалысқан азаматтарды, оқушыларды "Алғыс хаттармен" марапаттады. Ақсүмбе ақсұңқарының 125 жылдық мерейтойына "Мыңжылқы" мәдениет сарайының, А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебінің өнерпаздары, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушылар хоры сүйемелдеу жүргізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер