Жолдауды жүзеге асыру жолдары талқыланды

06.09.jpg

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев қатысуымен Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты жиын өтті. Оған аудан әкімі Салыхан Полатов, аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары және аудан тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған шараны аудан басшысы Салыхан Полатов жүргізіп, Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттарды атады. Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Талғат Шаймерденов баяндама жасап, Жолдауда айтылған міндеттерге тоқталды. Жарыссөзге шыққан зиялы қауым өкілі, ақын Мыңжасар Асқаров «азаматтық қоғам құру, ашықтық, халықпен кері байланыс – бүгінгі қоғамның талабы. Енді Жолдаудағы тапсырмаларды іс жүзіне асыру міндеті тұр» - деді. Сондай-ақ, кәсіпкер Бибімәрия Досмағанбетқызы Тұрмаханова өз ойын ортаға салды.
Аудан басшысы ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізуді жүктеді. Сондай-ақ, Ішкі саясат бөліміне ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша кешенді шаралар жоспарын жасауға тапсырма берді.
Жиынды қорытындылаған облысы әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бар күш-қайратты жұмсауға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер