Тоған жөнделіп, жол қараусыз қалмайды

15.09.jpg

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттіктігінің тапсырмасына сәйкес қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Созақ ауданында орналасқан Таукент кентінде сол елді мекен әкімнің жеке қабылдауы өтті.
Таукент әкімінің міндетін атқарушы Марат Ибраев, ауыл ақсақалы О.Оңалбаевты қабылдап, көтерген мәселесін тыңдады. Ауыл ақсақалы «Күркіреуік» су тоғанына жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген көптің көкейіндегі мәселені көтеріп, ұсынысын айтты.
Сондай-ақ ауыл тұрғыны Б.Рахмишев кенттің орталық көшесіне асфальт жол төселсе деген ұсыныс білдірді.
Өз кезегінде Таукент әкімінің міндетін атқарушы М.Ибраев «Күркіреуік» су тоғанына тиісті құжаттар әзірленіп, бюджетке қаржы бөлу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар асфальт төсеуге байланысты сметалық құжаттар жасау жұмыстары жүргізілуде»,- деп жауап берді.
Туындаған мәселеге байланысты жеке қабылдау алдағы уақыттарда да кестеге сай Таукент кентінде өткізіліп тұрады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер