Созақ кәсіпкерлері Арысқа көмектесуде

07.07.jpg

Созақ ауданы әкімінің орынбасары, Арыста болған төтенше оқиғаға байланысты ауданнан арнайы көмек қолын созу штабының төрағасы Б.Айдарбеков, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының төрағасы Ғ.Жүсіп, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. Сағындық, қоғамдық ұйым өкілдері «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен  шұғыл жиналыс өткізіп, Арыс халқына көмек беру мақсатында ауыл кенттерде пункттер ашу, акция өткізуді ұйымдастыруды тапсырған болатын.
«Біз Арыспен біргеміз» тақырыбында Арыс қаласынан келген азаматтарға көмек көрсету мақсатында өткен шараға, аудан азаматтары белсенді қатысты.
– Ел басына күн туған сын сағаттарда ауданда шаруасын жүргізіп отырған кәсіпкерлер де аянып қалмады. 30-ға тарта кәсіпкер, бірауыздан қомақты қаржы жинап, азық-түлік, киім-кешек пен гигеналық заттар алып, Арысқа жіберді. Атап айтсақ, Тастыбаев Қайрат, Бакенов Нұрлан, Жүсіпов Әбен, Әлметжанов Байкен, Оспанбек Қайрат, Тоқабаев Бектұрсын тағы басқа кәсіпкер азаматтарға айтар алғысымыз шексіз, – дейді штаб төрағасы.
Айта кету керек Арыс қаласында болған оқиғадан соң, аудан 29 отбасымен оның 125 мүшесі келіп, оларға да ауыл округ әкімдіктері, кәсіпкерлер, жекелеген азаматтар көмек көрсетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер