«Жауқазын» ән-би байқауы өтті

69706275_743766379400922_736973674543841280_n.jpg

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекеніндегі мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі балалардың дәстүрлі «Жауқазын» ән-би байқауы өтті. Конкурсқа қатысушылар туған жер, отан, ата-ана туралы әндер шырқап, байқаудың бірінші кезеңінде би өнерінен жарысты. Екінші кезеңде еркін тақырыпта өз өнерлерін ортаға салды.
Кейде он екі мүшесі сау адамның өзі игере алмайтын қабілетті мүмкіндігі шектеулі бола тұра асыра орындайтын жандарды көргенде таң қалып жататынымыз жасырын емес. Немесе олардың асқан жігері мен таудай талабын көргенде барлық мүмкіндігіміз бола тұра соны пайдалана алмайтынымызға ұялатынымыз да бар. Ал туылғаннан тағдырдың сынағына ілінген кішкентай бүлдіршіндердің өнерін көргенде көңіл түкпірінде аяушылық сезім мен ризашылық сезімнің арпалысқа түсері тағы рас.
Байқаудың «Үздік орындаушы» номинациясы және «Үздік би» аталымы бойынша бар өнерлерін паш етіп, қымсынбай ортаға салып көпшіліктің алдына шыққан үміткерлердің барлығы шара соңында дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер