Бір күнде 30 адамға дәрігерлік көмек көрсетеді

69366793_741163436327883_3661852304404905984_o.jpg

Мемлекет тарапынан тұрғындарға медициналық көмектің мейлінше қолжетімді болуына жағдай жасалып жатқанда, ауылдағы ағайынның басы ауырып балтыры сыздағанда дәрігерлердің дер кезінде жедел жетуі өте маңызды. Өйткені шалғайдағы елді мекеннен аудан орталығына барып ем алу оңай шаруа емес.
Кеңестөбе дәрігерлік амбулаториясында ем іздеген жанға бір мезгілде (күндізгі бөлім) қабылдайтын төрт орын қарастырылған. Мұнда жалпы саны кіші буын қызметкерлерімен бірге 17 маман ауыл жұртшылығына қызмет жасайды. Шағын ауылдың өзінде 2470-ке жуық тұрғынға медициналық көмек көрсетіліп, күнделікті орта есеппен 25-30-ға тарта ауыл азаматына уақытылы медициналық қызмет көрсетіледі.
Дәрігерлердің біруақыт ауыл-ауылды аралап жүретіні белгілі. Ауылдағы ағайынға арнайы кезекті «екпе егу» жұмысымен жүрген дәрігер Ерболат Орынтайұлы мен фельдшер Нұрлыбек Нақбаев Бірлік ауылындағы медициналық тірегіне барып, белгіленген тәртіппен қабылдау өткізуде.
«Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен келген жас маман, Кеңестөбе дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері қызметін атқаратын Салтанат Жарқынбекқызының осы округте жұмыс жасап жатқанына екі жылдан асыпты. Ауыл тұрғындарының жас маманның қызметіне дән риза. Соның бірі – күндізгі бөлімде ем алып жатқан ұстаз-зейнеткер Забира Мизамова ауыл халқына күндіз-түні ерінбей еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын айтуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер