Аудан әкімі Ардагерлер кеңесіне көлік сыйлады

Аудан әкімі Бақытбек Танагөзов аудан ардагерлерімен кездесу өткізді.
Жиында ауыл ардагері Артықбай Кәрібаев жарық, су мәселесін көтеріп, бұл салада тиісті орындардың жұмыстарындағы кемшіліктері туралы айтты. Сол секілді еңбек ардагерлері Жайырбек Уалиев, Ермахан Тойжанов, Әтір Әлиевалар түрлі пікірлерімен бөлісті. Кездесу барысында аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айта келе, жиында айтылған ұсыныс-пікірлерді еске алатынын жеткізді. Сонымен қатар, осы жиында аудан әкімі ардагерлер кеңесіне жеңіл автокөліктің кілтін табыстады.
Аудандық ардагерлер кеңесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» сынды тәрбиелік мәні бар, құнды бағдарламаларды насихаттау, осы тұрғыдан туындайтын салт-дәстүрлерімізді, жер-су аттарының тарихын зерделеуде бірқатар жұмыстар атқарып келеді.
Ардагерлер кеңесі халықтың ынтымағы, бірлігі жолында жұмыс істеп, қашанда игі істердің басы-қасынан табылады. Көпшілік арасында тәрбиелі, тағлымды шаралар ұйымдастырып, онда келелі мәселелер қозғалып, тұщымды ой-пікір айтылады.
Осындай кездесулердің бірі Ақбастау ауыл округінің ардагерлер үйінде өткен ардагерлер мен әжелер басқосқан семинар-кеңесі болды.
Семинар-кеңеске барлық ардагерлер ұйымдарының төрағалары, әжелер алқасының төрайымдары, жалпы 50-ден аса адам қатысты.
Семинарда Ақбастау ауыл округі ардагерлер ұйымының төрағасы Шырынхан Әбдіхалықов пен әжелер алқасының төрайымы Т.Айтқұловалар өздерінің атқарған жұмыстары және болашақ жоспарлары туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, кеңесте қонақтар ақбастаулық ардагерлер үйінің мән-жайымен танысып, жергілікті әжелер алқасы мен ауылдық өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.
Мұндай семинар-кеңестер болашақта да жалғасын табады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер