Бәйдібек ауданы 812 үйді қалпына келтіреді


Арыс қаласы алып құрылыс алаңына айналды. 15-секторға бекітілген Алматы облысы мен Бәйдібек ауданының аумағында 812 үй бар. Оның 90 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бір үй өртеніп, тағы біреуі «апатты» деп танылған. Бүгінде өңірде сол үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
15-сектор штабында Алматы облысы мен Бәйдібек ауданы әкімдігінің қызметкерлері, құрылыс компаниясының өкілдерінің қатысумен баспаналарды бастапқы қалыптарына келтіруде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары қаралады. Мамандар барлық жағдаймен танысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
– Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қызған аумақта тазалық мәселесі де ұмыт қалған емес. Біз Бәйдібек ауданының жауапты мекемелері өзімізге тиесілі 28 көшенің санитарлық ахуалына жауаптымыз. Көшедегі қоқыс қалдықтарын, жаяу жүргіншілер жеріндегі тазалықты, оны эвакуациялау жұмыстарымен айналысып отырмыз. 10 техника жұмыс жасап жатыр, – дейді Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев.
Аталмыш секторда бір реттік төленетін өтемақыға қабылданған құжаттар саны 1246-ға жеткен, бұл көрсеткіш 5505 адамды құрайды. 100 мың теңгелік өтемақы 12 тамыздан бастап беріледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер