12 отбасын асырайтын қожалық


Жылқышыға – 120 мың, сиыршыға – 80 мың, қойшыға – 110 мың, жеке мал дәрігеріне – 80 мың, тракторшыға – 80 мың теңге. 20 жылдан бері Бөген ауылында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен айналысатын «Қуаныш» шаруа қожалығы осындай айлық төлейді. Бүгінде шаруа қожалықтың иелігінде 2700 бас асыл тұқымды қой, 250 жылқы, 160 бас мүйізді ірі қара бар. 12 адамды жұмыспен қамтып, 6 отбасын асырап отыр.
 «Алтын асық», «Сыбаға» және «Агробизнес – 2020» мемлекеттік бағдарламаларына қатысып, 3 дана доңғалақты трактор және шөп дайындауға қажетті техника түрлерін лезингке алған қожалық 15 гектар жерге жоңышқа егіп, мал азығын қамдайды.
– «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы Австралия мемлекетінен «Абердин ангус» асыл тұқымды бұқасынан 3 бас әкеліп, қолдағы қазақы сиырларды асылдандырумен айналысудамыз. Жылқы малын асылдандыру бағытында Ресей мемлекетінен «Владимир» ауыр салмақты асыл тұқымды, Литва мемлекетінен «Литвалық ауыр салмақты» жылқылар, сонымен қатар ағылшынның «Шайр» және «Першерон» атты асыл тұқымды айғыр әкеліп асылдандырудамыз. Шаруақожалықтың сонымен қатар негізгі мақсаттарының бірі – қазақтың құйрықты қылшық жүнді асыл тұқымды қойы санын көбейту, – дейді қожалықтың негізін қалаушы, жасы жетпіске келсе де әлі де ширақ Батыр ана Оңласын Құлатаева.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер