Созақтағы ауылдардың бәрінде ішкі жолдар жөнделеді

2019 жылы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары Созақ ауданының барлық ауыл округтері мен кенттерінде жүргізіледі. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбет аудандық мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында хабарлады.
– 2018 жылы аудандағы елді мекендердің 42 шақырымды құрайтын 34 ішкі көшелеріне қиыршық тас төселіп орташа жөндеу жұмыстары, 17 шақырымды құрайтын 10 ішкі көшелеріне асфальттау жұмыстары жүргізілсе, 2019 жылы 42 шақырымды құрайтын аудан елді мекендерінің 48 ішкі көшесіне асфальттау және 1,1 шақырымды құрайтын 1 ішкі көшеге қиыршық тас төсеп орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 24 көшенің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 25 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жұмыстары жарияланған. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. 2019 жылы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары, ауданның барлық ауыл округтері мен кенттерінде жүргізіледі. Басымдық халық көп қоныстанған аудан орталығы Шолаққорған ауылында. Аудан бойынша 457,8 шақырым елді мекендердің ішкі көшелерінің 167 шақырымы асфальт болса, ағымдағы жылы 209 шақырымға артатын болады, – деді ол.
Жалпы аудан көлемінде 973 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның 434,9 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар, 79,4 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар, 457,8 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер