850 отбасыға 221 миллион теңге төленді

Бәйдібек ауданында арнайы комиссияның қорытындысымен 850 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 221 миллион теңге төленді. Бұл туралы атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген азаматтармен жұмыс жүргізіп отырған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шадиярбек Отыншиев хабарлады.
– Жалпы аудан бойынша 1232 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген. Қазіргі таңда арнайы комиссияның қорытындысымен 850 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 221 миллион теңге қаржы төленді. Ал атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 121 азаматтың табысы асып кеткендіктен, 4-інің құжаттары дұрыс болмағандықтан кері қайтарылған, – деді Ш.Отыншиев.
Бөлім басшысының айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар ауылдық округтерде қабылданады. Ауылдық округ әкімдіктері жанынан арнайы комиссия құрылған. Қабылданған құжаттар аудандық жұмыспен қамту орталығында тексеріліп, сараланады. Ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайды. Атаулы әлеуметтік көмек 12 айға тағайындалып, ай сайын немесе тоқсанына бір рет беріледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер