Атаулы әлеуметтік көмек алып кәсібін ашты

16.09.jpg

Атаулы әлеуметтік көмек алып, өз кәсіптерін ашып, жұмыстарын бастап кеткен отбасылар Бәйдібек ауданында аз емес. Олар шағын болса да өз кәсібін ашып, игілін көріп келеді. Сол атаулы әлеуметтік көмек алғандардың бірі – Бәйдібек ауданы Алғабас ауылдық округіне қарасты Таңатар ауылының тұрғыны Ержан Құдайбергенов.
Мемлекеттен берілетін жәрдемақының жайын естіген Ержан Полатұлы әйелі екеуі ақылдаса келе аудандық жұмыспен қамту орталығына келіп, өтініш білдірген. Бұл отбасыға үй құстарын асырап, оны дамыту үшін 1 млн 300 теңге қаржы тағайындалған.
Алғашқы тағайындалған 362 мың теңге қаржыға көршілес Сайрам ауданындағы Қарабұлақ елді мекенінен 80 бас үндік тауық сатып әкелген. Қазір таңда сатып алған тауықтарына уақытылы азықтарын беріп, ауырғандарына дәрілерін егіп, бағып қарауда. Мемлекеттен көмек алған бұл отбасы бұйыртса үндік тауықтың басын әлі де көбейтіп, бұл кәсіпті одан әрмен дамытуды көздеп отыр. Отбасында 6 жан бар Құдайбергеновтердің жаңадан қолға алған кәсібіне кішкентай балалары да бейімделуде екен. Олар бос уақыттарында құстарды жайлауға шығарып бағады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер