Аудан әкімінің орынбасарлары Жолдауды түсіндіріп, жұрттың мәселесін тыңдады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоңамдық диалог – Қазақастанның тұрақтылы мен өрккендеуінің негізі» атты Жолдауын халыққа түсіндіру мақсатында аудан тұрғындары арасында жүргізілетін ақпараттық-насихаттық төрт топ құрылған болатын. Топ жетекшілері болып аудан әкімінің орынбасарлары Нұрғали Айтбеков, Бағдатбек Жанғазиев, Айкен Темір және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков белгіленді.
Құрамында бірқатар мекеме басшылары мен лекторлары бар арнайы құрылған топ өткен аптада белгіленген елдімекендерде болып, болған жерлерде актив өткізіп, көпшілікке Президент Жолдауының жай-жапсарын баяндап берді. Аудан халқы Жолдауды ыстық ықыласпен қабылдауда. Жұманәлі Тұрсынбеков, Ержан Төлеміс, Айдархан Қойшыбаев, Шаймахан Шайырбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдірахым Атағұлов, ауыл биі Тұрғанбек Иманбаев сынды азаматтар Жолдауға қолдау білдіретінін айтып, елдің атынан сөз сөйледі.
Жиын барысында алғабастық ағайындар көптен бері жыр болып келе жатқан ауыз су мәселесін тағы да әңгіме етті. Газ мәселесі мен ауыл іргесіндегі көпір құрылысына алаңдаулы екендігін білдірді. Мұндағы көпшілік сауалына аудан әкімінің орынбасары Нұрғали Айтбеков жауап берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер